Буллинг және кибербуллинг туралы ескерту жұмыстары
22.02.2024 жыл директордың тәрбие ісі орынбасарлары Доспай Ж.М., Ахметжанова А.Қ. ұйымдастыруымен Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету . Буллинг және кибербуллинг туралы ескерту жұмыстары жүргізілді
Мақсаты: Жасөспірім кезеңінде кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, қоқан-лоққы көрсетудің алдын алу. Сыйластыққа, бір-бірін қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
«Буллингке немесе кибербуллингке ұшыраған кезінде не істеу керек?» тақырыбында видеоролик көріп, тағылымдақ мақсаттағы әңгімелер мен видеороликтер тамашалады. «Менің қалауым», «Ашулы шарлар», «Суреттен не байқадыңыз?» тақырыптарында тренингтер ұйымдастырылды.