01
март
2022
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күн
1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Қаратал орта мектебінде сейсмикалық жаттығу және тәрбие сағаты өткізілді. Сейсмикалық дайындық барысында мектеп ұстаздары, оқушылары мен кіші қызметкерлер тез арада мектеп ғимаратынан қауіпсіз орынға шығарылды. Бұл жаттығудың басты мақсаты: айтып келмейтін табиғи апаттың алдын алу және оқушыларға сақтық ережелерін сақтауды үйрету.