«Дулыға» дебат клубының жұмыс есебі
Жетісу облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дулыға» дебат клубының жұмыс есебі
Қаратал орта мектебінде оқу жылының басында «Дулыға» дебат клубының жылдық жұмыс жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес дайындық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілді. Қазан айында жоспарға сәйкес «Елбасы-ел тірегі», атты тақырыпта ойын өткізілді екі топ қатысты ойын тартысты өтті. Берілген тақырып бойынша дайындық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылды және де мектепшілік пікір-сайыс өткізілді. Бірінші кезен мектепшілік іріктеу ойыны болды. Жеңімпаз топ анықталып аудандық турнирге жолдама алды. Пікір-сайыс барысында қазақ лигасынан Амантайқызы Асель, Заманбекова Мадина. Жеңімпаз атанып аудандық турнирге жолдама алды. Жылдық жоспардағы тақырыптар бойынша кезекті ойындар тұрақты түрде өткізіліп тұрды. Аталған дебат Карл Поппердің дебаты КПД бойынша жүргізілді Ойын өте тартысты болды,екі команда мүшелері берілген тақырыптар бойынша нақты аргументтер келтіре отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе алды. Қараша айының жирма екісі күні ауданда ұйымдастырылған турнирге қазақ және орыс лигалары қатысты. Қазақ лигасы Алғыс хатпен марапатталды. Қараша айында «Бір реттік ыдыстардың пайдасы мен зияны» тақырыбында ойын өтті. Спикерлер өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізді Ойын тартысты әрі қызықты өтті. Желтоқсан айында «Салауатты өмір салты тек спортпен байланысты ма?», «Только ли со спортом связан здоровый образ жизни?», Is a healthy lifestyle related to sport? осы аталған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді. Ақпан айында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу мүмкін бе?», «Возможно ли бороться с коррупцией?», Is it possible to fight against corruption? осы аталған тақырыптар бойынша жұмыстар жүргізілді.