14
август
2024
Мектеп жанындағы жазғы «Айгөлек» алаңы
«Айгөлек" жазғы демалыс алаңы жанынан құрылған "Балдырған" кіші тобы Талдықорған қаласындағы М. Тынышбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайына саяхаттап барды. Саяхат мақсаты өскелең жас ұрпақты еліміздің тарихы мен флора, фаунасымен таныстырып, елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу. Саяхаттап 22 оқушы барды. Мұражай қызметкерлері жылы қабылдап, мұражай қызметкері Назгүл Базарбаева үлкен үш зал бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Еліміздің тарихынан сыр шертіп, табиғатын жырлап, сонау алғашқы адамдар өмірінің бастау алуынан түсінікті баяндап берді. Еліміздің сан ғасырлық тарихын, тамылжыған табиғатын, аң, құсы жайлы мағұлмат алып, ой өрістері дамыды. Алған әсерлерімен бөлісіп,жаңа оқу жылына үлкен күш-қуат алды.