"Вейпинг- электрондық темекінің зияны"
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Вейпинг- электрондық темекінің зияны"
Қаратал орта мектебінде жасөспірім оқушылар арасында "Вейпинг- электрондық темекінің зияны" тақырыбында мектеп психологы Сауытбекова Д.С баяндама оқып, зиянды заттардың алдын - алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата- аналар чатына " Вейпинг- электрондық темекінің зияны" тақырыбында видеороликтер көрсетілді. Вейп бауыр мен бүйрекке, жүйке жүйесін зиян тигізеді. Оның құрамындағы никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соқтырады
Қазір жастар, әсіресе жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында электронды темекі сәнге айналған. Халықаралық тілде бұл – “вейп” деп аталады. Ол ағылшынның “vapе” - “буды жұту және шығару” сөзінен шыққан. 7-11 сынып оқушыларымен «Шылымдық қоспалар барса келмеске жібереді» тақырыбында кеңестер берілді. Мақсаты: оқушыларды темекінің құрамында кездесетін зиянды заттармен таныстыру. Нәтижесі: оқушылармен шылым қоспалары және темекінің құрамында кездесетін зиянды әдеттермен таныстыру әңгіме, сұхбат сабағы өтілді.
https://www.instagram.com/p/CxDIPboNJUP/?utm_source=ig_web_copy_link