Мектебім -мейірім мекені » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Мектебім -мейірім мекені

«Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты алғашқы қоңырау салтанатты мереке 

    Қаратал орта мектебінде 2023-2024 оқу жылындағы алғашқы қоңырау мерекесі жоспарға сай өтті. Салтанатты іс-шара өткізілетін орын алдын ала тақырыпқа сай безендіріліп, музыкамен жабдықталды. Алдын ала қонақтарға, ардагер ұстаздарға шақыру жіберілді.
   Салтанатты жиында Республикамыздың Туы шығарылып,   Қазақстан республикасының   Гимнімен басталды.  
      Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп директоры Ғ.Н.Макипбекова алғашқы құттықтау сөз алды. Жетісу облысы білім басқармасы денешынықтыру, спорт, алғашқы әскери дайындық және қосымша білім беру ғылыми тәжірибелік орталығының оқу әдістемелік бөлімінің жетекшісі Абжаков Асхат Дүйсенбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ұстаздарға ізгі тілегін білдірді. 
           Мектеп табалдырығын жаңа аттаған  бүлдіршіндерді 11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен   әсем әуен ырғағында  ортаға салтанатпен әкелді. Кішкентай бүлдіршіндер оқушылық өмірге қатысты өлеңдерін оқып, 11 сынып оқушылары оларға ақыл, өсиеттерін өлең жолдарымен жеткізді. 
           2023-2024 оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1 сынып оқушысы Закария Әбілқасым мен 11 сынып оқушысы Долженко Викторияға берілді.  Салтанатты жиын  соңында әр сыныпта жаңа оқу жылындағы  
«Мектеп- мейірім мекені» атты білім сабағы өткізілді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив