Қамқоршылық кеңестің отырысы » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2018

Қамқоршылық кеңестің отырысы

Хаттама № 3

 

Қамқоршылық кеңестің отырысы

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Өткізілген уақыты: 09. 02.2017 жыл

Отырыстың басталуы: 14.00 сағ.

Отырыстың төрайымы: Серикбаева С.В.

Қатысқандар: Мектеп директоры – Макипбекова Ғ.Н.

Ата-аналар, Қамқоршылық кеңестің мүшелері /8 адам/

Қатыспағандар: 1 /себепті/

 

Күн тәртібі:

1.Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны.

I жартыжылдықтағы мектепішілік білім беру қызметін ұсыну сапасы.

/Мектеп директоры Ғ.Н. Макипбекованың есебі/

1.«Жылы жүрек – жомарт қол» атты өткізілген қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы.

Тыңдалды:

1.Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша мектеп басшысы Ғ.Н.Макипбекова сөйледі.

Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстан Республикасы отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдады. Бүгінде Елбасымыз алға қойған, дамыған отыз елдің қатарына кіру жөніндегі«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»– баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Соның ішінде:12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектепте оқытудың стандарттарын жаңғырту, білікті мамандар даярлау. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі«Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?»деген мән мәтін аясында өрістелуі тиіс. Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.

Биылғы жаңа оқу жылының жаңалығы сол, еліміз бойынша мектеп табалдырығын аттаған 1-сынытан бастап 11 сынып оқушылары аптасына 5 күн оқып жатыр. 1,2,5,7 сынып оқушылары жаңа реформа аясында тәлім алуда. Мектебімізде білім беруге мүмкіндігінше жағдайлар жасалған. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша мұғалімдер арнайы курстан өтті. Дәріс-тренингтер тыңдап, көптеген оқу стратегияларын, жаңа білім беру мазмұнының әдіс-тәсілдерін, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білудің егжей-тегжейін үйренді. Сонымен қатар білім мазмұнын бағалаудың ерекшеліктеріне де назар аудардық. Мектебіміздегі «Қамқоршылық» кеңесі жұмысына келер болсақ, арнайы бұйрық бойынша кеңес құралған, жұмыстарын жоспаға сай жүргізуде. Мектептегі қаржылай мәселелер кеңестің ұсыныс, шешімімен келісе, ақылдаса іске асырылады. Әсіресе аз қамтылған, күнкөрісі төмен, жетім, көп балалы, толық емес отбасы балаларының жағдайына, тұрмысына, оқу мәселесіне қатты көңіл бөлеміз. Өз тарапымыздан қолдау көрсетіп тұрамыз.

1.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жылы жүрек – жомарт қол» атты өткізілген қайырымдылық көмектің жұмсалуы туралы ата-аналар комитеті төрайымы С.В.Серикбаева сөйледі.

«Жылы жүрек – жомарт атты қайырымдылық қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, мақсатында әлеуметтік жағынан қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасыларынан шыққан және талантты, дарынды оқушыларға материалдық көмек көрсету. Осы мақсатта өткен «Қайырымдылық» марафонына аулымыздың жеке шаруа қожалық жетекшілері, мешіттің бас имамы, жеке кәсіпкерлер, ата-аналар қатысты. Қайырымдылық қорына 135000 /жүз отыз бес мың/ қаржылай ақша жиналып, жиналған қаржы бірауыздан күнкөрісі төмен мұқтаж балаларға және өнерлі талантты балалардың байқауларға , жарыстарға қатысуына жұмсалды.

 

 

Қаулы:

1.«Мектеп және отбасы» байланысы арқылы «Қамқоршылық» кеңесі жұмысын одан әрі жұмысты нығайту.

2.Білім беру жүйесінде аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасы балаларын басты назарда ұстау.

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы Серикбаева С.В.

Хатшы Ахметжанова А.Қ.

Похожие публикации:

13 февраль 2018 Қамқоршылық кеңес
28 апрель 2017 Әкімшілік
01 март 2017 Новая статья
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив