Балаға психологиялық көмек көрсету » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2022

Балаға психологиялық көмек көрсету

Психологическая помощь. Виды психологической помощи в СПб

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекесінің педагог-психологы  Э.Т.Ибраимованың

ата-аналармен жүргізілген психологиялық жұмысы туралы

мәлімет


2021-2022 оқу жылында  ата-аналармен арнайы  жұмыс жоспары құрылған. 

 Балаға психологиялық көмек көрсету мәселелерін тек отбасы мен мектептің тығыз өзара іс-қимылы арқылы шешуге болады. Биылғы оқу жылы  ата — аналарға оқушының жаңа жағдайларға бейімделуіне қалай көмектесуге болатынын айтты.

  Жиын барысында  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.М.Доспай, директордың тәрбие жұмысының орынбасарлары А.Қ.Ахметжанова, мектеп психологы Э.Т.Ибраимова,  әлеуметтік педагог А.А.Круглыхина, сынып жетекшілермен бірлесіп, педагогтар мен 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.

   Іс-шара барысында ата-аналар балаларды тәрбиелеу бойынша психологиялық  және пайдалы кеңестер алды.  Дәстүрлі ата-аналар жиналысына қарағанда,  ата – аналар конференциясы -  әр түрлі тақырыптарға толы және өскелең ұрпақты отбасылық тәрбие бойынша жаңашыл білім мен әдістермен тәрбиелеуге бағытталған жаңа формат. Осы кездесулер барысында мынадай тақырыптар қамтылды:

  •  Қыркүйекте "1-5 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек"
  • «Ұялы телефон, әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны !»   

    Жиын қорытындысы бойынша әр ата-анаға жадынамалар таратылды. Онда әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек тәрізді 1-5  сынып оқушыларының ата-аналарын қызықтыратын көптеген мәселелер мен сұрақтар ашылды. 

Қаралған мәселелер: 

-   интернет қауіпсіздігі

-   баламен күніне қаншалықты жиі сөйлесемін?

- Ата-ана және бала арасындағы сенімділікті қалай арттыруға болады?

Осындай тақырыптар бойынша әр ата-ана өз ойын айтып, бала тәрбиелеудегі тиімді тәсілдерімен бөлісті. 

Ата-аналарды толғандыратын мәселе де бар. Ол қазіргі таңдағы интернет қауіпсіздігі. Балаға ұялы телефонды да беруге қорқатындарын атап кетті. Өйткені бала үйде біздің қарауымызда болғанда кіммен сырласып, қандай сайттарда отырғанын біліп отырамыз. Ал қазіргі кезде ұялы телефонның басқа  адамдармен бүлдіріп кіруі қорқынышты. 

   Сонымен қатар   ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді. 

Сауалнама қорытындысын төмендегі мониторингтен көруге болады.





Сауалнама мониторингісі


 


  Мониторингтен ата-аналардың мектепке деген көзқарастары жақсы. ҚР мемлекеттік органдарының мектепте діни атрибутика киюге тыйм салынғанын қолдайтынын көруге болады. Сауалнама да ата-аналардың  баласының кімдермен араласытынын үнемі бақылауда екені анықталды. Жиі балаларымен сөйлесіп, қандай балалар, қай сынып оқушылары екенін біліп жүретіндері көрініп тұр. Соңғы сұрақ бойынша интернет қауіпсіздігі туралы болған.

   Қорытындысы бойынша ата-аналар өз балаларының ұялы телефонмен күніне арнайы уақыт бөлетіндіктері анықталды және де қандай бейнебаяндар, ойындар, кіммен араласып отырғандары жайлы біліп отыратындары байқалды.  

   Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттауға бағытталды.

Ұсыныс:

-  жиі балаларымызбен сөйлесіп, үнемі «Мен саған сенемін, сенің қолыңнан келеді» деп жігерлендіру.

-   Мектеп және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

   Келесі ІІ тоқсанда  басталған жұмыс өз жалғасын табады. Жоспарға сай ата-аналармен «Мен қандай ата-анамын!», «Мен және менің балам!» тренинг элемент жаттығулары, «Қазіргі бала бойындағы қатыгездік!» атты тәрбие сағаттары,дөңгелек үстел жоспарлануда. 





Мектеп педагог-психологі _________ Э.Т. Ибраимова