Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасындағы мектеп директорының есебі » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2018

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің арасындағы мектеп директорының есебі

«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңесінің өткізілген жиналысының
ХАТТАМАСЫ
22 мамыр 2018 ж.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңесінің 9-мүшесі
Мектеп басшысы: Макипбекова Ғ.Н.
Әлеуметтік педагог: Круглыхина А.А.
Тәрбие орынбасары: Уйсинбаев М.А.


Күн тәртібінде :
1. 2017-2018 оқу жылындағы жасалған жұмыстарды сараптау,ұсыныс пікірлер айту .
2. Қамқоршылық кеңестің құрамын сайлау.


Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрайымы С.В.Серикбаева жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын,«Білім туралы»
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының
9 тармағын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып өтті.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету,қаржылық қолдауды қамсыздандыруда , материалдық –техникалық базасының нығайуына септесу,сондай-ақ ,оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу екенін айтты. Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағыттарымен функцияларымен де таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру ,әлеуметтік-мәдени ,сауықтыру , дамыту бағыттарындағы іс –шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен мен жұмыспен қамтылуын жақсарту екендігін айтты.

Мектеп директоры Макипбекова Ғалия Нүсіпқызының есебі тыңдалды:
Мектепішілік ата-аналар жиналысында қамқоршылық кеңесінің құрамына
9 адам тағайындалған болатын. Құрамына жеке кәсіпкерлер,ауыл әкімінің орынбасары, мектеп инспекторы , кәсіподақ төрайымы кірді.
Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысында қамқоршылық кеңесінің мақсаты мен міндеттері туралы танысып ,жылдық жоспар жасақталып, бекітіліп кеңес өз жұмысын одан ары жалғастырған болатын.
Қамқоршылық кеңесі осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарды. Қыркүйектің бірінші аптасында «Отбасы күні» мерекесінде ата-аналар әртүрлі мерекелік шаралар, атап айтсам, спорттық ойындарға, «Мерейлі отбасы» байқауына белсене қатысты.
«Мектепке жол» акциясы барысында 40 балаға қыстық куртка, аяқ киімдер берілді. «Қайырымдылық» акцияларды ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкерлер өз тараптарынан көмек көрсетіп, 135000 теңге қаржылай ақшамен көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Байсұлтанова Р.К. бастауыш сыныптан төрт оқушыға қыстық аяқ киімдер алып берді. Балалардың спортпен,салауатты өмір салтымен айналысуына мән беретін аулымыздың құрметті азаматы Демесинов Оразбай Жұматайұлы мектепке 15000 теңгеге доп алып берді сонымен қатар өзі де балалармен, мұғалімдермен аптасына екі рет үстел теннисін ойнауға келіп тұрады. Сонымен бірге, мектепте өткізілген іс-шаралардың барлығына да қолдан келгенінше көмек беруге тырысты. Жаңа жылда мектептегі 2 жетім оқушы , 2 мүгедек бала ауданымызда өткен әкім шыршасына қатысып, сыйлықтарын алды.
Аз қамтылған және толық емес, көп балалы отбасы балалары Жалпыға бірдей білім беру қорынан 52 оқушы, асхананы жалға алушы арендатор есебінен 15 бала жыл соңына дейін толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Сөйлегендер: Жайлыбаева Нұрғызар Чабдановна – кеңес мүшесі
Жыл бойына бірнеше балаға көмек көрсетілгенімен мектепте аз қамтылған отбасы балаларының көптігіне байланысты келесі оқу жылында кәсіперлерді көптеп тартуға ұсыныс білдірді.Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бір- бірімен тығыз байланыста болып, әлі де әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға одан әрі көмек көрсету керектігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесінің құрамына төмендегі кісілерді ұсынады:
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Серикбаева Снежана Владимировна
Қамқоршылық кеңестің төрайымының орынбасары Жайлыбаева Нұрғызар Чабдановна
Райманов Насиулла Абдулхатович жеке шаруашылық кәсіпкер – кеңес мүшесі
Ибраимова Қарлығаш Хайроллаевна Кәсіподақ ұйымының төрайымы – кеңес мүшесі
Заманбекова Асия Сұлтановна Әкімшілік қызметкері – кеңес мүшесі
Доспай Жанель Манарбекович Директордың орынбасары – кеңес мүшесі
Ибраимова Эльмира Тохтархановна Психолог –педагог – кеңес мүшесі
Круглыхина Асылжан Анатольевна әлеуметтік педпгог – кеңес мүшесі
Ахметжанова Айгуль Кабылбековна тәрбие орынбасары – кеңес хатшысы
Шешім:
1.Қамқоршылық кеңестің жыл бойына атқарылған жұмысы қанағаттанарлық деп бағалансын .
2. 2018-2019 оқу жылында әлеуметтік көмекке мұқтаж,аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында кәсіпкерлерді тарту.
3. Қамқоршылық кеңестің жұмысын одан әрі жандандыру,қайрымдылық жұмысстарын жүргізу алға қойылсын .
4.Қамқоршылық кеңесінің құрамы төмендегі кісілерден сайлансын.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Серикбаева Снежана Владимировна
Қамқоршылық кеңестің төрайымының орынбасары Жайлыбаева Нұрғызар Чабдановна
Райманов Насиулла Абдулхатович жеке шаруашылық кәсіпкер – кеңес мүшесі
Ибраимова Қарлығаш Хайроллаевна Кәсіподақ ұйымының төрайымы – кеңес мүшесі
Заманбекова Асия Сұлтановна Әкімшілік қызметкері – кеңес мүшесі
Доспай Жанель Манарбекович Директордың орынбасары – кеңес мүшесі
Ибраимова Эльмира Тохтархановна Психолог –педагог – кеңес мүшесі
Круглыхина Асылжан Анатольевна әлеуметтік педпгог – кеңес мүшесі
Ахметжанова Айгуль Кабылбековна тәрбие орынбасары – кеңес хатшысы


Қамқоршылық кеңес төрайымы Серикбаева С.В.

Хатшы Ахметжанова А.Қ.

Похожие публикации:

13 февраль 2018 Қамқоршылық кеңес
28 апрель 2017 Әкімшілік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив