Ата-аналар және 11 сынып оқушыларымен бірлесе өткізілген жиналыс » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2021

Ата-аналар және 11 сынып оқушыларымен бірлесе өткізілген жиналыс

"Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын - орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ата-аналар және 11 сынып оқушыларымен бірлесе өткізілген жиналыс мәліметі
Сынып: 11 «А» және 11 «Б»
Сынып жетекшілер: Бекбаева М.К., Ахпергенова Т.Т.
Өткізілетін күні: 15.03.2021 ж

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының 2021 жылы ҰБТ–ны өткізу туралы

Жалпы биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектер саны: қазақ сыныбында 8 оқушы, орыс сыныбынды 4 оқушы. Барлығы 12 оқушы. Оның ішінде ҰБТ ге өтініш берген жалпы оқушы саны: 9 /8 қазақ, 1 орыс сыныбы/.
11 сынып оқушылрымен қыркүйек айынан бастап ҰБТ ге дайындық қашықтықтан және штаттық режимде жүргізіліп келеді. Апта сайын пән мұғалімдері кесте бойынша 5 оқу күндері қосымша сабақтарды тегін өткізіп жүр. Қосымша сабақтар бітіруші түлектер үшін ұйымдастырылған. Кейбір оқушылар қосымша репититорлар арқылы дайындалып жүр. Оқушылардың дайындықтары қанағаттанарлық, әлі күнге дейін 100 балл алған оқушы жоқ.
ҰБТ–ны ЖОО – ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет қаңтар, наурыз, маусым – шiлде, тамыз айларында өткізілетіндігін білесіздер. Бірінші рет 25 қаңтар күні мектебімізден 7 оқушы ЖМУ –не барып ақылы тест тапсырып келді.
Енді екінші рет наурыз аайында тағы да түлектеріміз екінші рет ақылы тест тапсыруға баратындығы туралы сіздерге баяндағалы отырмын. Жалпы ақылы тестке баратын оқушылар алдын ала тіркеліп жатыр.
«ҰБТ – жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны». ҰБТ тестерінің құрылымы жөнінде де біраз ақпарат беріп өтейін. Міндетті үш пәннің әр пәні бойынша 20 тапсырма берілген бес жауаптан біреуін таңдау керек, 10 тапсырмада берілген бірнеше жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау керек. Тестілеуді тапсыру тілі қазақ, орыс, ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, біраз түлектеріміз толығымен қазақ тілін таңдап отыр. Шығармашылық мамандықтарды таңдағандар ҰБТ – да келесі пәндерді тапсыра алады: екі пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы); - бес пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және таңдауы бойынша екі пән). Шығармашылық мамандықты таңдаған және ҰБТ – ны бес пән бойынша тапсыратындар жауап парағының «Шығармашылық емтихан» 6 – секторын боямайды деп ескертті және тестілеу уақыты 3 сағат 50 минут екендігін атап өтті. Тестілек пәндері бойынша 3 міндетті пәндерге: Қазақстан тарихы, математикалық саауаттылық, оқу сауаттылығы кіреді. Ал, бейіндік пән (таңдау бойынша):
-Математика – физика
-Математика – география
-Биология – химия
-Биология – география
-Шет тілі – дүниежүзі тарихы
-Қазақ /Орыс тілі – Қазақ/Орыс әдебиеті
-География – Шет тілі
-Дүниежүзі тарихы – Адам. Қоғам. Құқық
ҰБТ – ны келесі мерзімдерде тапсыра алады, қаңтар – ақылы негізде, наурыз – ақылы негізде, маусым – шілде конкурсқа қатысу, грант, ақылы негізде, тамыз – ақылы негізде. Түлектер ЖОО – на қабылдану үшін ҰБТ нәтижесі бойынша бекітілген шекті баллдарды жинауға тиіс.
ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану үшін: Қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 сынып оқушылары ҰБТ-ға алады.
ЖОО-ға ақылы негізде одан әрі қабылдану үшін: Күнтізбелік жылы ЖОО-ның күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде ҰБТ сертификатынсыз қабылданған тұлғалар қатыса алады.
Шығармашылықтан басқа білім беру бағдарламалар тобына ауысу үшін: Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобынан басқаға ауысуға ниет білдірген ЖОО-ның білім алушылары қатыса алады.
Өтініштер ҰТО-ның сайты арқылы онлайн режимде беріледі.
Өтініш берушінің жеке куәлігі немесе төлқұжаты болған жағдайда онлайн өтініш бере алады, ал тек туу туралы куәлігі бар тұлғалар өтінішті қабылдау пунктері арқылы береді
ҰБТ-ға қатысу төлемақы бойынша тестілеу құны – 2242 тенге
Тестілеуге қатысу үшін ақы төлеуді екі түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады:
1) онлайн веб-қосымшасы арқылы (жүйенің ішінен шықпай).
Онлайн төлем жасағандар үшін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды» хабарламасы шығады, яғни ҰБТ-ға қатысушылар ДБ-ға тіркелесіз.
2) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК реквизитіне төлеу арқылы.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы төлем жасағандар үшін Сіздің өтінішіңіз алдын-ала тіркелген өтініш болып саналады, сондықтан өтініш номері мен ақы төлем түбіртегін студент өзі оқитын ЖОО-ның жауапты хатшысына немесе мектеп оқушысы жергілікті жердегі ҰБТ өткізу пункті қызметшісіне жолдайды. ЖОО-ның жауапты хатшысы немесе ҰБТ өткізу пункті қызметшісі ақы төлем түбіртегін тексергеннен кейін барып, өтініш номерін жүйеге тіркейді. Сол кезеңде барып өтініш толық тіркелген болып есептеледі.
Рұқсаттама – тестілеудің орны, күні, уақыты, тілі туралы ақпаратты қамтиды.
Онлайн режимде өтініш берген тұлғалар үшін:
Мәліметтермен (өткізу күні, уақыты, орны, аудитория) https://ubt.testcenter.kz/ сайтындағы жеке кабинетінен таныса алады
Дәстүрлі әдіспен өтініш берген тұлғалар үшін:
ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін ҰБТ өткізу пунктіне бару керек (өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек).
Тестілеуге кіргізу:
Онлайн режимде өтініш берген үміткерлер Face ID жүйесі арқылы сәйкестендіріліп, аудиторияға жіберіледі.
Өзімен бірге болуы қажет:
Жеке куәлігі;
Қара немесе көк сиялы ручка.
Дәстүрлі түрде өтініш берген үміткерлердің сыртқы келбеті рұқсаттамадағы фотосуретпен сәйкестендіріліп аудиторияға жіберіледі.
Өзімен бірге болуы қажет:
Мектептен анықтама;
Тестілеуге рұқсаттама;
Қара немесе көк сиялы ручка
Тестілеуге өз орнына «бөтен тұлғаны» кіргізуге талпынған түсушілер ағымдағы жылы сол тестілеуге жіберілмейді
Металліздегішпен тексеру аймағында тыйым салынған зат табылған жағдайда, акт жасалады және түсуші сол тестілеуге жіберілмейді
Жұмыс тәртібі:
ҰБТ өткізу қағидаларымен ТАНЫСЫҢЫЗ;
 Жауап парағындағы қызметтік секторларды МҰҚИЯТ толтырыңыз;
 Кітапшаның бүтіндігін, беттерінің түгелдігін және баспаның сапалылығын ТЕКСЕРІҢІЗ;
 Тестілеу тапсырмаларын ОРЫНДАҢЫЗ және жауап парағын толтырыңыз;
 Кітапша мен жауап парағын аудитория кезекшісіне ТАПСЫРЫҢЫЗ.
2021 жылғы ҰБТ форматы
Үміткер ҰБТ-ны қалауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде тапсырады.
* ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыратын түсушілер үшін Қазақстан тарихы бойынша тестілеу қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.
Тестілеу үш міндетті және екі бейінді пәндер бойынша өткізіледі:
Міндетті пәндер:
1.Қазақстан тарихы – 15 балл;
2.Математикалық сауаттылық – 15 балл;
3.Оқу сауаттылығы – 20 балл.
Берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауабын таңдау ұсынылады
Екі бейінді пәндер:
1-20 аралығындағы тест тапсырмаларында берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау ұсынылады;
21-25 аралығындағы тест тапсырмаларында берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты (контекст негізіндегі тапсырмалар);
26-35 аралығындағы тест тапсырмаларында берілген бес жауап нұсқасынан бір немесе бірнеше дұрыс жауабын таңдау ұсынылады.
Әр бейінді пән бойынша тест тапсырмалар саны – 35.
Тестілеу уақыты– 240 минут.
ҰБТ бойынша ең жоғарғы балл - 140 балл.
Контекст негізіндегі тапсырмаларға сипаттама
Контекст – бұл проблемалық жағдаяттағы сұрақтың (тапсырманың) шешімдеріне сілтеме жасалатын тақырып аясы.
Контекст мәтін, сурет, график, кесте, диаграмма, инфографика және т.б. түрінде болуы мүмкін.
Контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайды.
Тыйым салынады:
•Аудиториядан дәліз кезекшісінің міндетін атқаратын Министрлік өкілінің рұқсатынсыз және алып жүруінсіз шығуға.
•Сөйлесуге, орын ауыстыруға, тестілеу материалдарымен алмасуға, тестілеу материалдарын аудиториядан шығаруға.
•Ұялы байланыс құралдарын, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, шпаргалкаларды және калькуляторды қолдануға (ҰБТ өткізу пунктіндегі отырғызу орындарына бекітілген калькуляторды есептемегенде);
•Тестілеу материалдарын (жауап парағы мен кітапшалар) умаждауға;
•Корректор сұйықтығын қолдануға,
•Жауап парағын бояуға қарастырылмаған секторларын бояу (жауап парағының нөмірі) арқылы бүлдіруге;
•Тестілеу уақыты аяқталған соң тест материалдарын кезекшіге тапсыру қажет, тапсырмаған жағдайда нәтижелер қабылданбайды;
•Қауіпсіздік жүйесін әдейі бүлдіруіне.
Тестілеудің нәтижелері:
1.Мемлекеттік комиссиямен сол күні хабарланады;
2. Тестілеу өткізу орнындағы ақпараттық тақтаға ілінеді;
3. Сертификат электронды нұсқада беріледі;
4. Тестілеу нәтижесімен www.testcenter.kz сайтында танысуға болады (тестіленушінің ТЖК мен ЖСН енгізу арқылы);
5. Нәтижемен келіспеген жағдайда, тестіленуші апелляцияға өтініш бере алады.
Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады
Апелляция мына жағдайларда қарастырылады:
Мазмұнына байланысты:
1) Дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
2) Дұрыс жауап болмаса;
3) Берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
4) Тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса.
5) тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда.
Техникалық себептерге байланысты
1) Дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;
2) Дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;
3) Жауап парағында ақау болғанда.
ҰБТ – 2021
сұрақтары бойынша интернет-ресурстар
http://testcenter.kz/
https://www.facebook.co
https://www.instagram.com/testcenterkzm/testcenterkz
https://vk.com/testcenterkz
https://www.youtube.com/channel/UCzmZObVJTezesGyIEKw6h-
Q

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив