"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық жене материалдык көмек көрсету"
Құрметті білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері! Қазақстан Республикасы Білім жане ғылым министрінің, N158 бұйрығы 13-қосымшаға сәйкес,
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық жене материалдык көмек көрсету" бойынша, жалпы білім беру қорының, есебінен білім алушылардың жекелеген санаттарына
2024-2025 жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы мен оқу құралдарына бір реттік қаржылай көмек беріледі.
Тамыз айынан бастап бір жолғы қаржылай көмекті алу өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз !!
Қаржылай көмек тек 5 санатқа жататын отбасының
балаларына беріледі.
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2. Мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5. Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.