Аудандық пән олимпиада
Қаңтар айының 31 және ақпан айының 03 аралығында Ескелді ауданы бойынша аудандық пән олимпиадасы өткізілген болатын. Мектебімізден мектепішілік олимпиадаға қатысып жүлделі 1 орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға қатысып бақ сынасты. Жалпы мектебімізден 21 оқушы қатысты. Әр оқушы орынға лайықты, дегенмен жүлделі орын алғандар бар.
Атап айтсақ: Русский язык и литература бағыты бойынша жүлделі 1 орын – 11 сынып оқушысы Мұратқызы Бағжан алды, жетекшісі ахметова Ж.А.
Физика бағыты бойынша жүлделі 2 орын – 9 ә сынып оқушысы Сұлтанғали Амина алды, жетекшісі Напиханов А.Ә.
Физика бағыты бойынша жүлделі 3 орын – 10 б сынып оқушысы Долженко Виктория алды, жетекшісі Щепкина В.Н.
География бағыты бойынша жүлделі 3 орын – 11 а сынып оқушысы Қизат Сымбат алды, жетекшісі Бекбаева М.К.
Биология бағыты бойынша жүлделі 2 орын – 10 б сынып оқушысы Файфер Алина алды, жетекшісі Новикова В.П.
Облыстық кезеңге 11 сынып оқушысы Мұратқызы Бағжан русский язык и литература пәні бойынша жолдама алды.
