«Заң және тәртіп» тақырыбында сурет байқауы
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының жоспарына сәйкес өткізілген сурет байқауы туралы
АНЫҚТАМА
Мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, «Заң және тәртіп» айлығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқауға 9–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз жұмыстарында заңның қоғамдағы маңызы, тәртіптің адам өміріндегі рөлі, әділдік пен жауапкершілік ұғымдарын көркем бейнелер арқылы көрсете білді. Оқушылардың салған суреттері мазмұнының тереңдігімен, идеялық мәнімен және шығармашылық ерекшелігімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Аталған сурет байқауы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң мен тәртіпке деген оң көзқарасын нығайтуға және шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.
Педагог-ұйымдастырушы: Шағраева А. Л.