23
январь
2026
«Әке – отбасының тірегі»
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымының жоспарына сәйкес өткізілген «Әке – отбасының тірегі» атты іс-шара туралы
АНЫҚТАМА
Қаратал орта мектебінде 2026 жылғы 23 қаңтар күні «Әке – отбасының тірегі» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға 5–6 сынып оқушылары мен олардың әкелері қатысып, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің қолдауымен өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, бала тәрбиесіндегі әке өнегесін насихаттау, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты күшейту болды.
Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрды. Алғашқы кезеңде «Сырлы сұхбат» жүргізіліп, әкелер өз тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл сұхбат барысында әкелердің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі кеңестері оқушыларға үлкен сабақ болды.
Келесі бөлімде ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған ойындар ұйымдастырылды. Әкелер асық ату және шеге қағу арқылы қазақ халқының дәстүрлі ойындарын көрсетіп, балаларға ұлттық мәдениетті дәріптеді.
Ептілік пен күш сынау кезеңінде гир көтеру және газет үстінде жыртпай билеу сайыстары өткізілді. Бұл жарыстарда әкелердің физикалық дайындығы, ептілігі мен шапшаңдығы сыналды.
Соңғы бөлімде «Өз өнері» айдары ұйымдастырылып, әр әке өз хоббиін, өнерін таныстырды. Ән айтып, күй тартып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен әкелер балаларға үлгі болып, «Бала ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығының мәнін айқындады.
Іс-шараның қорытындысында әкелердің белсенділігі мен бала тәрбиесіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді. Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас нығайып, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтар дәріптелді.
Бұл кездесу мектеп өмірінде маңызды тәрбиелік мәнге ие болып, алдағы уақытта да жалғасын табатыны айтылды. Шараның басты ұраны – «Әке – асқар тау, бала – оның жалғасы» болды.
Осылайша, «Әке – отбасының тірегі» атты іс-шара мазмұнды әрі әсерлі түрде өтіп, қатысушыларға рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын жеткізді.
Іс-шараны ұйымдастырған:
тарих пәні мұғалімі – Нүкен О.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Хуатхан М.
Жауапты сынып жетекшілер:
6 «А» сынып жетекшісі – Молдағалиева А. И.
6 «Б» сынып жетекшісі – Кулимбаева А. Ш.
