«Заң және тәртіп – жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында командалық зияткерлік ойын » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2026

«Заң және тәртіп – жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында командалық зияткерлік ойын

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Өзін-өзі басқару» ұйымының жоспарына сәйкес өткізілген зияткерлік ойын туралы
АНЫҚТАМА
Мақсаты:
  • Қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру
  • Заңға құрмет сезімін қалыптастыру
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау
  • Әділ қоғам құруға әр адамның үлесін қосу
Міндеттері:
  • Оқушылар мен мұғалімдердің құқықтық білімін тексеру және дамыту
  • Әділдік пен адалдық құндылықтарын дәріптеу
  • Командалық жұмыс пен ынтымақтастықты арттыру
  • Шығармашылық ойлау мен пікір білдіру дағдыларын дамыту
Қаратал орта мектебінде 2026 жылғы 20 қаңтар күні оқушылар мен мұғалімдер арасында «Заң және тәртіп – жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында командалық зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық, әділеттілік, парасаттылық және сенім құндылықтарын дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ ұжымдық ынтымақтастықты нығайту болды.
Командалық ойынға «Адал», «Әділет», «Парасат», «Сенім» атты төрт команда белсене қатысып, жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Әр команда өз атауына сай жауапкершілікпен жұмыс жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, адал еңбек пен әділ шешім қабылдаудың маңыздылығы жөніндегі тапсырмалар мен сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Ойын барысында қатысушылар өздерінің құқықтық білім деңгейін, логикалық ойлау қабілетін, пікірталас мәдениетін және топпен жұмыс жасау дағдыларын айқын көрсете білді. Әсіресе «Адал» және «Парасат» командалары тапсырмаларды орындауда жоғары нәтижелер көрсетсе, «Әділет» пен «Сенім» топтары шығармашылық көзқарасы мен белсенді қатысуымен ерекшеленді.
Барлық сұрақтар мен тапсырмаларды сәтті орындаған «Парасат» командасы жүлделі І орын иеленді. «Адал» командасы ІІ орынға лайық деп танылса, «Әділет» және «Сенім» командалары Алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара қорытындысында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, адалдық пен әділеттілік – қоғам дамуының негізгі тірегі екені ерекше атап өтілді. Аталған командалық ойын оқушылар мен мұғалімдер арасында өзара сенімді нығайтып, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырған:
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Хуатхан М.
педагог-ұйымдастырушы – Шағраева А. Л.


https://www.instagram.com/reel/DTu4_94iGde/?igsh=OWE3bmZ0Njd6aDNz 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив