Мектебім-мейірім мекені !
Жетісу облысы білім басқармасы Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «Мектебім-мейірім мекені !» атты алғашқы қоңырау салтанатты мерекесінің өткізілуі туралы
АҚПАРАТ
Қаратал орта мектебінде 2025-2026 оқу жылындағы алғашқы қоңырау мерекесі жоспарға сай өтті. Салтанатты іс-шара өткізілетін орын алдын ала тақырыпқа сай безендіріліп, музыкамен жабдықталды. Алдын ала қонақтарға, ардагер ұстаздарға шақыру жіберілді.
Салтанатты жиында Республикамыздың Туы шығарылып, Қазақстан республикасының Гимнімен басталды.
Жаңа оқу жылының басталуымен мектеп директор міндетін атқарушы Ахметжанова Айгүл Қабылбекқызы алғашқы құттықтау сөз алды. Қаратал ауылдық округінің әкімі Алимбаев Серік Мұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар мен ұстаздарға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар ауданымыздың мәдениет үйінен арнайы келген қонақ бас әдіскер, ҚР-ның мәдениет саласының үздігі Көмекова Ардақ Шаймерденқызы жаңа оқу жылымен құттықтады.




Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді 11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен әсем әуен ырғағында ортаға салтанатпен әкелді. Кішкентай бүлдіршіндер оқушылық өмірге қатысты өлеңдерін оқып, 11 сын
ып оқушылары оларға ақыл, өсиеттерін өлең жолдарымен жеткізді.
2025-2026 оқу жылындағы алғашқы қоңырау соғу мәртебесі 1 сынып оқушыларына берілді. 1-11 сынып оқушыларына білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан » тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.Жаңа оқу жылында білім алушылар мектеп формасы бойынша талаптарға сәйкес киім үлгісін сақтады.Ары қарай сабақтар сабақ кестесі негізінде жүргізілді.