«Заң мамандықтары» тақырыбында дебат » Коммунальное Государственное учреждение 'Каратальская средняя школа с дошкольным мини центром акимата Ескельдинского района
"Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 5-01-53
Есепші бөлімі:
+7(72836) 5-01-53
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2026

«Заң мамандықтары» тақырыбында дебат

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында өткізілген дебат ойыны туралы
АНЫҚТАМА
Қаратал орта мектебінде 2026 жылғы 20 қаңтар күні «Заң және тәртіп» айлығы аясында 9–10 сынып оқушылары арасында «Заң мамандықтары» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Аталған іс-шара оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға және заң саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Дебаттың негізгі мақсаты – оқушыларға заң саласындағы мамандықтардың қоғамдағы маңызын терең түсіндіру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заң үстемдігі қағидаттарын насихаттау, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау қабілетін, дәлелді әрі мәдениетті сөйлеу дағдыларын дамыту, пікірталас жүргізу мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениетті нығайту көзделді.
Іс-шара барысында қатысушылар өз көзқарастарын нақты дәлелдермен қорғап, құқық саласындағы түрлі мамандықтардың ерекшеліктері мен қоғамдағы рөлі жөнінде мазмұнды пікірлер білдірді. Дебат ойыны оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, өз ойын еркін жеткізуіне, қарсы пікірді тыңдап, сауатты жауап беруге мүмкіндік берді.
«Заң мамандықтары» тақырыбында ұйымдастырылған дебат оқушылардың құқықтық білімін арттыруға, заң саласына деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал еткен, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды іс-шара ретінде жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған:
тарих пәні мұғалімі – Нүкен О.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Хуатхан М.
педагог-ұйымдастырушы – Шағраева А. Л.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив