16
май
2025
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
🏫Ескелді ауданы,Қаратал орта мектебінде 16 мамыр күні жалпы ата - аналар жиналысы болып өтті.
✅Мақсаты:
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерінің жетілдіре отырып, қарым-қатынасты орнату.
✅Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалардың денсаулығын сақтау, білімге, мейірімдікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылындағы сыныптар бойынша оқушылардың оқу үлгірімінің қорытындысы;
2. 2024-2025 оқу жылындағы «Біртұтас тәрбие» жұмысы бойынша атқарылған жұмыстар.
3. Мектепшілік жазғы тынығу лагерінің ұйымдастырылуы;
4. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықпен зорлық-зомбылықтың алдын алу;
5. Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік шаралар;
6. Мектеп формасын қарастыру.
Мектеп директоры Ғ.Н.Макипбекова жиналысты ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті. Оқу жылының қорытындысы, білім сапасы, аралық және мемлкеттік емтихан туралы айтып өтті. Директордың тәрбие орынбасары А.Қ.Ахметжанова біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша жыл бойғы атқарылған іс- шараларға талдау жасады. Сонымен қатар жаз мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігі, заңсыз көлік басқару, суға шомылу, сақтану ережелерін түсіндіріп, ата-аналарға баланы суға шомылуға жалғыз жібермеу керектігін қатаң ескертті.
Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша 2025-2026 оқу жылына ұсынылатын оқушылар формасының талаптарын таныстырды. Жиын соңы ата-аналарды алғыс хатпен марапаттаумен аяқталды.