1 қазан қарттар мерекесіне орай арнайы жоспар құрылып,сол жоспар негізінде іс шаралар ұйымдастырылды.Жоспарда қамтылған іс шаралар: Ауылдағы қарт адамдар мен мүгедектер тізімі анықталып мерекелерімен мектеп оқушылары мен ұжымы мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар сынып жетекшілер «Қариялы ел қазыналы ел », «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» , «Қарттарым аман сау жүрші» тақырыптарында тәрбие сағаттарын ұйымдастырып өткізді. Тәрбие сағаттарында «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбында тәрбиелік мәні бар бейнефильмдер көрсетілді. Және де ауылымыздың ардагер ұстаздарын да мектеп ұжымы арнайы құттықтады.
