29
март
2025
Дебатқа дайындық: Жеңіске апарар жол
Дебатқа дайындық: Жеңіске апарар жол Қазіргі қоғамда пікірсайыс – жастардың сыни ойлауын, шешендік қабілетін және сендіру өнерін дамытудың маңызды құралы. Дебат – бұл тек сөз сайысы емес, сонымен қатар кез келген тақырыпқа терең бойлау, деректерге сүйену және өз көзқарасыңды дәлелдей білу өнері. Сондықтан дебатқа дайындыққа ерекше назар аудару қажет. Дебатта жеңіске жету үшін тақырыпты толық түсіну өте маңызды..Негізгі терминдерді анықтап, олардың мағынасын нақтылап, ғылыми мақалалар, статистикалық мәліметтер және сарапшылар пікірлерін зерттеуп және әр түрлі көзқарастарды қарастырып, олардың негіздемелерін талдау қажет. Кез келген пікірсайыста мықты дәлелдер мен сенімді қарсы аргументтер шешуші рөл атқарады. Негізгі ұстанымыңызды айқындап, оны растайтын үш негізгі дәлел әзірлеп, қарсы тараптың мүмкін дәлелдерін болжап, оларға қарсы дәлелдер ойластырып, сол сияқты нақты деректер мен мысалдарды қолданып, пікіріңізді нығайту керек. Жүйелі және түсінікті сөйлеуге үйренеді. Қарсыласқа жауап беру тактикасы кезінде :
Оппонентіңіздің дәлелдерін мұқият тыңдап, олардың әлсіз тұстарын табу;
Логикалық қайшылықтарды анықтап, нақты дәлелдермен жоққа шығару;
Эмоцияға берілмей, сыпайы әрі сенімді жауап қайтару қажет.Аудитория алдында сөйлеу үшін псхологиялық дайындық та қажет .
Қысылмай сөйлеу үшін айна алдында немесе достарыңыздың алдында жаттығу;
Дауысты дұрыс басқару және риторикалық әдістерді қолдану;
Сенімділік пен аудиториямен байланыс орнату дағдыларын дамыту маңызды.
Практикалық жаттығулар
Топтық пікірталастарға қатысу;
Белгілі бір уақытқа шектеу қойып, өз сөзіңізді жаттықтыру;
Бұрынғы дебаттардың бейнежазбаларын қарап, олардың әдістерін талдау.
Осы кеңестерді естіп , дағдыланған Қаратал орта мектебінің «Дулыға» дебат клубының мүшелері дебат үйірмесінің жоспарына сәйкес мектепішілік дебат сайыстарына қатысып және аудан көлеміндегі дебат сайыстарынан жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтқанда 2023-2024 оқу жылында жүлделі ІІ орынды, 2024-2025 оқу жылында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Алдағы уақытта да осы қарқынмен облыстық жарыстарға жолдама аламыз деген сенімдемін. Қорыта келгенде , дебат – тек интеллектуалды сайыс емес, сонымен қатар көшбасшылық пен шешендік қабілеттерді дамытудың таптырмас тәсілі. Тыңғылықты дайындық пен үздіксіз жаттығулар арқылы кез келген адам сенімді әрі мықты спикер бола алады. Қазіргі қоғамда ойы жүйрік, сөзі мірдің оғындай жастардың болуы өте маңызды, сондықтан пікірсайыс мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн.
Қаратал орта мектебінің
«Дулыға» дебат клубының жетекшісі
тарих пәні мұғалімі О.Б.Нүкен

Теги:
дебат