19
январь
2022
«Адалдық алаңы»
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қаратал орта мектебі МДШО-мен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 19.01. 2022 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп директоры Ғ.Н. Макипбекова мектеп мұғалімдері, қызметкерлері және мектептің кіші қызметкерлерімен «Адалдық алаңы» тақырыбында жиын өткізді. Жиынға Қаратал ауылдық округі әкімшілінің бас маманы Ерлан Адилмұратов қатысты. Жемқорлық – қоғамды іштей жейтін құрт. Сыбайластың - еліміздің дамуын тежейтін індет. Осындай індетпен қүресу Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті екендігі туралы мектеп директорының тәрбие ісін жөніндегі орынбасары Совет Ерханат баяндама оқыды. Жиында мектеп директоры Ғ.Н. Макипбекова мектеп әкімшілігі қандайда бір мақсатта мектеп ұжымынан, мұғалімдер мектеп оқушыларынан ақша жинауға заң бойынша тыйым салынатындығы туралы бұйрық шығарылғандығын айтты. Сонымен қоса мерекелерде де мектеп әкімшілігі ұжымнан, мұғалімдерімдері оқушылардан қомақты көлемде сыйлық алуға да болмайтындығын тілге тиек етті. Пара берген адам да, пара алған адам да ҚР қылымыстық жауапкершілік арқалайтынғы қатаң ескетті.