12
февраль
2025
Әке-отбасының тірегі
Әке-отбасының тірегі. Әке -асқар тау. Әкенің аялы алақаны, бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Қаратал орта мектебінде “Біртұтас тәрбие”бағдарламасының жоспарына сәйкес, “Әкелер мектебі”жобасы аясында “Әкенің қас-қабағы-баланың бас сабағы”тақырыбында 3 «А» сынып ата-аналарымен сынып жетекшісі Ибраимова Қ.Х және директордың тәрбие ісі орынбасары А.Қ. Ахметжанова іс-шара өткізді,
⚜️”Әкелер мектебі”жобасының мақсаты:Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру.