13
февраль
2018
Қамқоршылық кеңес
«Ескелді ауданы әкімдігінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі
2017-2018 оқу жылының бірінші жартыжылдығында қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысының есебі
2017-2018 оқу жылдың қыркүйек айындағы педагогикалық кеңесінде Қамқоршылық кеңесі бекітілді және жұмыс жоспары құрылды. Қамқоршылық кеңесі –стратегиялық мақсаты мен міндеттерін айқындайтын, сенім, ашықтық, серіктілік және алқалық қағидалармен жұмыс істейтін мектепті басқарудың қоғамдық органы.
Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже қамқоршылық кеңес қызметінің типтік ережесіне және Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 44-бабы 9-тармағына сәйкес жасалды.
Қамқоршылық кеңесінің құрамы 9 кісіден тұрады. Кеңестің төрайымы Серикбаева Снежана Владимировна және көмекшісі Жайлыбаева Нұрғызар Чабдановна. Қамқоршылық кеңесі осы уақыт ішінде мектеп пен кеңес мүшелері тығыз байланыста болып, біршама жұмыстар атқарды. Қыркүйектің бірінші аптасында «Отбасы күні» мерекесінде ата-аналар әртүрлі мерекелік шаралар, атап айтсам, спорттық ойындарға, «Мерейлі отбасы» байқауына белсене қатысты.
«Мектепке жол» акциясы барысында 40 балаға қыстық куртка, аяқ киімдер берілді. «Қайырымдылық» акцияларды ұйымдастыру мақсатында жеке кәсіпкерлер өз тараптарынан көмек көрсетіп, 135000 теңге қаржылай ақшамен көмек көрсетті. Жеке кәсіпкер Байсұлтанова Р.К. бастауыш сыныптан төрт оқушыға қыстық аяқ киімдер алып берді. Балалардың спортпен,салауатты өмір салтымен айналысуына мән беретін аулымыздың құрметті азаматы Демесинов Оразбай Жұматайұлы мектепке 15000 теңгеге доп алып берді сонымен қатар өзі де балалармен, мұғалімдермен аптасына екі рет үстел теннисін ойнауға келіп тұрады. Сонымен бірге, мектепте өткізілген іс-шаралардың барлығына да қолдан келгенінше көмек беруге тырысты. Жаңа жылда мектептегі 2 жетім оқушы , 2 мүгедек бала ауданымызда өткен әкім шыршасына қатысып, сыйлықтарын алды.